Эфирде сальто жасаған үш жасар балақай әлемге танымал болды (видео)
Опубликовано:
Үш жасар Иран тұрғыны Арат Хоссейни Қытай телеарнасындағы таланттылар шоуынан кейін интернет-жұлдызға айналды. Кішкентай ғана бала көпшіліктің алдында артқа қарай сальтоны еш қиындықсыз жасады. Бұл туралы NUR.KZ порталы Life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Тоғыз айлығында жаттығуды бастаған Арат, үш жасында еш қиындықсыз барлық жаттығуларды игере алады. Бағдарламаға ол әкесімен бірге келіп, аз уақыт ішінде үйренген өнерін көрсетті. Көрермендер эмоцияларын жасыра алмады.
Араттың ата-анасы Мохамад пен Фатимэх Иранның Баболь қаласында тұрады. Олар ұлдары жаттығуға күніне 10-20 минутын ғана жұмсайды дейді.
Күн артқан сайын бүлдіршіннің ептілігі мен күші көбейіп, ата-анасын таң қалдырған. Араттың сүйікті трюктерінің бірі — артқа сальто жасау.
Бір қызығы, ата-анасы Instagram парақшаларында ұлдары жасап жатқан трюктің бірінші немесе екінші мүмкіндігін ғана көрсетеді.
Трюкті дайындау үшін Аратқа орта есеппен он минут жеткілікті.
Тағы оқыңыздар:
Тірідей өртенген Құлсары тұрғыны әлі жансақтау бөлімінде жатыр
Әйгілі тұлғалардың төлқұжаты қандай болған? (фото)
Уақытша тұрақ уақытын қысқартқан Астана əуежайына айыппұл салынды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1451064-efirde-salto-zhasaghan-ush-zhasar-balaqa/