Ауыр салмағының кесірінен әткеншектен құлай жаздаған бойжеткен адам танымастай арықтап кетті

Опубликовано:

Орхус балалар қалашығының тұрғыны Матильда Бробергтің салмағы 16 жасында 126 келіге жеткен. Соның кесірінен әткеншектен құлап кете жаздаған бойжеткен адам танымастай өзгерді деп хабарлайды NUR.KZ порталы lamp.im сайтына сілтеме жасап.

Ата-аналары отбасының қуанышы, үйлерінің "ханшайымы" аталып кеткен сүйікті қыздарын кішкентай кезінен-ақ тәтті тағамдармен тамақтандырып, барынша еркелетіп өсірген. Әке-шешесінің зор махаббатын көріп өскен қыздың салмағы 16 жасында 126 келіге жеткен.

Бүгінде Матильданың жасы 21-де. Денесін зорға көтеріп жүретін қыз семіздіктен арылып, адам танымастай өзгерген. Оның бүгінгі салмағы 66 келі. Бұрынғы салмағының өз өміріне қауіпті екенін түсінген қыз батыл қадамдарға барған.

Бойжеткеннің осындай батыл қадамға баруының себебі мынада: Бірде американдық атракционға отырған ол артық салмағының кесірінен сырғанап бара жатқан жерінен құлап кете жаздайды.

Өміріне қауіп төндірген бұл жайт Матильданың өмірге деген көзқарасын өзгерткені соншалық, ол қатаң диетаға отыруды жөн санаған.

Дене салмағының тең жартысынан арыла білген бойжеткен арықтауының себебімен де бөлісті. Ол ең әуелі зиянды тағамнан бас тартқан. Кейін өзінің ағзасын алдауға кірісіп, небір амалдарға барады.

Тағамның мөлшерін азайтуды бастаған ол асты шай қасықпен ішуге кіріседі. Осындай айлаға көшкен бойжеткен тамаққа да тез тойып қалатындығын алға тартты.

Матильда қажетті салмақ мөлшерін түсіріп, діттеген мақсатына жеткен соң денесіндегі артық терілерді алуға байланысты ота жасатады. Кезінде 126 келі тартқан қыз бүгін модельдік әлемге аяқ басқан.

Бойынан ерік-жігер таба білген қыз батыл қадамға барып, өмірде де өз орнын таба білді.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде саңырау балалардың ата-аналары жанайқайын жеткізді (фото)

Астаналық кәсіпкердің тоқалы қызының да екінші әйел болуына қарсы емес (видео)

Қарағанды облысының тұрғыны өз әкесін балағаттағаны үшін жауапқа тартылды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1451640-auyr-salmaghynynh-kesirinen-atrakcion/