Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тежеуіш майынан уланған мысық арақ ішіп есін жиды

Опубликовано:

Ұлыбританияның астанасы Лондонда тежеуіш сұйықтығын жалап уланған мысықты арақ құтқарды. Бұл туралы En son haber дереккөзіне сілтеме жасап 24.kz хабарлады.

Лондон тұрғыны Тереза Коррейра Марияның «Ханзада» есімді 7 жасындағы мысығы аулаға төгіліп, кейін үстіне жұққан техникалық майды жалап уланған. Ветеринариялық ауруханаға ес-түзсіз жеткізілген мысықтың өміріне араша түсу үшін мал дәрігері жақын маңдағы дүкеннен алкоголь ішімдігі – арақты сатып алған.

Әдетте хайуанаттар үшін өте қауіпті саналатын алкоголь ішімдіктерін уланғаннан кейін қолданатын болса, этиленгликольге қарсы у қайтарғы ретінде әсер ететіні белгілі. 24 сағат бойы қарқынды терапия бөлімінде жатқан Ханзада есін жиды.

«Хайуандарға ешқашан да алкоголь ішімдіктерін беруге болмайды. Бірақ Ханзаданы құтқару жолында бұл біздің соңғы мүмкіндігіміз еді», - дейді мал дәрігері Хизер Лох.

Тағы оқыңыздар:

Қытайлық қыздар Димашқа деген сезімдерін қазақша әнмен жеткізді (видео)

"Зверопой" мультфильміндегі әндерді қазақ әншілері орындаса қалай болады?

ЭКСПО-2017 аумағында жаңадан салынған Конгресс-холлдан өрт шықты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1453874-tezheuish-mayynan-ulanghan-mysyq-araq-ish/

pixel