Ең кедей елде әлемдегі ең қымбат тұрғын үй бар (фото)

Опубликовано:

Халықтың басым бөлігі жоқшылықта күн кешіп жатқан Үндістанда әлемдегі ең қымбат тұрғын үй бар деп жазады Massaget.kz.

Антилия – 27 қабатты тұрғын үй. Тұрғын үй Мумбайда, ол үнді бизнесмені Мукеш Амбани үшін салынған. Көлемі – 37 000 м², бұл –әлемдегі ең үлкен жекеменшік тұрғын үй. Тұрғын үй Антилия аралының құрметіне аталған, ғимаратты Чикагодан келген сәулетшілер Perkins & Will америкалық компаниясымен бірге салған. Құрылысты Leighton Holdings компаниясы бастағанымен, үйді аяқтаған – өзге компания.

Сонымен әлемдегі ең үлкен, ең қымбат тұрғын үйдің өзгешеліктерін айтып өтер болсақ, үй 8 баллдық жер сілкінісінде құламай тұра алады екен, 9 лифті бар, бірінші алты қабатында 168 көлікке автотұрақ қойылған. Жетінші қабатында жеке автокөлік қызметі, сегізінші қабатына 50 адамға арналған шағын театр, одан биік қабаттарда салон, бірнеше жүзу бассейні, аспалы бақ орналасқан.

Ал одан биікте қонақтарды күтетін орындар мен Амбани әулетінің пәтері бар. Амбани анасымен, әйелімен және үш баласымен бірге осынау ғаламат мекенде өмір сүре алады. Мукеш Амбани - Үндістандағы ең бай адам болып саналады.

Тұрғын үйде үш тікұшақ қонатын орын мен ұшқыштарды басқаратын орталық та қоныс тепкен.

Енді бәрін қызықтырып отырған сұраққа жауап берейік. Ол – тұрғын үйдің бағасы болса керек. Reliance Industries мәліметіне сүйенсек, Антилия ғимаратын салу үшін 50-70 млн доллар ақша кеткен. Ал дәл бүгінгі таңда Мумбайда жер құнының өскенін ескерсек, тұрғын үй түгелімен 1-2 миллиард долларға бағаланады.

Үйдің сырты да, іші де – тұнған салтанат.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Дінтанушы: Қыздың күйеуінің тегіне өтуі исламға қайшы

Рамзан Кадыровтың қызы ресейлік сылқымдарға орамал тақты

Қыз туғаны үшін күйеуі тастап кеткен әйел қазір 14 бала тәрбиелеп отыр

Алмазбек Атамбаев: Путин мен Меркельге дейін менің мұрагерімді сұрайды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1456000-enh-kedey-elde-alemdegi-enh-qymbat-turghy/