Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құранға ессіз ғашық болған әжей қасиетті кітаптың жартысын жаттап алған

Опубликовано:

Түркияның Ван елдімекенінде 69 жастағы Фейзур Сонтур есімді әже өзінің қарттық шағына қарамастан Құран жаттап, хафыздық курсын оқуда. Жарты жылдың ішінде Құранның жартысын жаттап үлгерген әже өзгелерге үлгі болуда деп жазады muslim.kz.

Жастық шағында үйленіп, балалы-шағалы болып, солардың тірлігімен Құран жаттауға мүмкіндік таппаған Фейзур әже хафыз болу арманын қартайған шағында орындауға бел шеше кіріскен. Әуелі жақындарының көмегімен Құран әліппесін үйренген ол кейін хафыздық курсына жазылған. Осылайша бүгінгі таңға дейін Құранның 15 парасын жаттап алған.

«Балаларым өсті. Олардың баршасын аяқтандырдым, үйлендірдім. Құранды өте қатты жақсы көремін. Балаларымды да Құран оқуға ынталандырдым. Бір ұлымды хафыздық курсына жібердім. Әскерге кеткендігі үшін бұл оқуы жарты жолда қалып қойды. Басқа ұлым имам болды. Құран оқи алмағандығым үшін үнемі өзімді іштей жегідей жеп жүретінмін. Балаларымды тегіс үйлендірген соң курсқа жазылдым. Сансыз шүкірлер болсын, Құран оқып үйрендім.

Қазіргі күні таң намазынан кейін еш ұйықтамаймын, Құранымды жаттаймын. Құран Кәрімге ғашықпын. Курстан келген соң ақшам уақытына дейін Құран оқимын. Үнемі Құран оқимын. Бір келінімнің әкесі мен ұлым – имам. Маған «Біз имам бола тұра сіздің жаттаған Құраныңыздай Құран жаттай алмадық» дейді. Мен курстқа бара бастағанымды күйеуім «сен науқассың, барма, ауырып қаласың» деді. Алайда мен алған бетімнен қайтпадым. Тал бесіктен жер бесікке дейін ілім іздену жасқа қарамайды», - дейді алты ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған Фейзур әжей.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Қаржы министрі депутаттардың жалақысына қатысты сауалға жауап бере алмады

Айсәуле Бақытбек түрмедегі әкесінің атын жамылған алаяқты сотқа берді (фото)

Министрлік көпбалалы аналарды жұмыс істеуге мәжбүрлемейтін болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1461370-qurangha-essiz-ghashyq-bolghan-azhey-zharty/

pixel