Қатерлі ісікті жеңген көрікті бойжеткен танымал модель атанды (фото)

Опубликовано:

16 жасында қатерлі ісікке шалдыққан Пейтон Лайнафелтер ауыр дертті жеңіп шықты. Ерекше көрікті бойжеткен көп ұзамай танымал модельге айналған. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Пейтонның көркіне тәнті болған сән агенттіктері оған 15 жасынан бастап жұмыс ұсынған болатын. Алайда қыз баланың модель болу арманына аяқ асты анықталған қатерлі ісік дерті балта шапқандай болды.

Ісік үлкейіп кеткені соншалық, Пейтон жүкті адамға ұқсап қалған. Бойжеткен химиотерапиядағы ауыр күндерін қорқынышпен еске алады.

Бойжеткен жазылу үшін пышақ астына жатады. Отадан оның денесінде үлкен тыртықтар қалып, шашы түгелдей түсіп қалған. Десе де, бұл қиындықтардың соңы қуанышқа ұласып, ол бар дертінен құлан таза айығып шықты.

Пейтон модель атану арманына бар қиындықтарға қарамастан қол жеткізе алған. Ол бүгінде қатерлі ісікпен күресіп жатқан науқастарға жаңа үміт сыйлауда.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын күтіледі

Алматыда бес көлік бір уақытта соқтығысып қалды (фото)

Әйгілі өзбек миллиардері Путиннің қарсыласы шектен шығып кеткенін айтты

Танымал рэпер концертте өзіне жармаса кеткен тыңдарманын ұрып жіберді (видео)

Жолаушыны сыртқа сүйреп шығарған ұшақ қызметкерлері жұрттың ашуын келтірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1463230-qaterli-isikti-zhenhgen-korikti-boyzhet/