2 еуросы бар кез келген адамға бұйыруы мүмкін зәулім үй (фото)
Опубликовано:
Қала сыртындағы зәулім сарайды жылдар бойы тірнектеп жинаған ақшаға ала алмайтының белгілі. Бірақ, мына үйдің иесі атану үшін сізге небәрі 2 еуро жеткілікті болуы мүмкін деп хабарлайды Baq.kz.
Бұл үйдің қожайынының аты Дастан Лоу. Дастан оны жылжымайтын мүлікті сатып ақша табу үшін алған екен. Ол бұл сарайға 435 мың еуросын жұмсапты.
Үйге 150 мың еуроға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, баспананы сатылымға қойған. Үй иесі зәулім сарай үшін 845 мың еуро сұрап отыр.
Алайда қымбат үйді алатын ешкім табылмады. Осы кезде Дастанның ойына керемет бір идея сап ете түскен: ол үйді кез келген адам қатыса алатын лотерея арқылы сатуға бел буады.
Дастанның айтуынша, үйде 6 жатын бөлмесі, ойын бөлмесі, жұмыс кабинеті, тіпті шағын кинотеатр да бар.
Лотерея билетінің құны – 2 ағылшын фунты (2 еуродан сәл көбірек). Билеттерді ұйымдастырушының сайтынан сатып алуға болады. Қазірдің өзінде 186 мың билет сатылып қойған.
Билеттің жалпы саны – 500 мың. Сатылым 1 тамызда аяқталады деп жоспарлануда.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Тайваньда ит пен мысық етін жеуге тыйым салынды
Темекі тұқылын тесікке лақтыра салған азамат бір ажалдан аман қалды (видео)
Президентке берілген оғаш сыйлық: Клинтон Бушқа не тарту етті? (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1464018-2-eurosy-bar-kez-kelgen-adamgha-buyyruy-m/