Аула сыпыратын тәжік қызының сұлулығына бүкіл әлем таңдай қақты (фото)
Опубликовано:
Мунира Мирзоева — 19 жастағы тәжікстандық қыз. Ол аула сыпыру және қаланы көгалдандыру мекемесінде жұмыс істейді. Душанбе қаласының тұрғыны румындық фотографтың арқасында күллі әлемге сұлулығымен танымал болды деп хабарлайды cosmo.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Михаэла Норок (Mihaela Noroc) —The Atlas of Beauty ("Сұлулық атласы") жобасының авторы. Оның мақсаты жер планетасындағы әйелдер сұлулығын адамдарға көрсету.
Белсенді әлемді шарлап, өзін таңғалдырған көшедегі бейтаныс сұлуларды суретке түсіреді. Екі жыл бұрын Норок Тәжікстанда болып, аула сыпырып жүрген Мунираны көріп қалады. Суретке түсіріп алуға рұқсат сұраған фотограф қыздың суретін кейіннен әлеуметтік желілерде жариялайды.
Жас тәжік қызының сұлулығы желі қолданушыларына ұнап, Мунираның суретіне бірнеше сағат ішінде 4 мыңнан астам "лүпіл" жиналған.
Естеріңізге салсақ, Мунира Мирзоева тек аула сыпырушы ғана емес, сонымен қоса бағбан. Сұлу қыз Тәжікстанды көгалдандырумен айналысады. Сонымен қатар, жеті адамнан тұратын отбасын ол жалғыз өзі асырап отыр.
Мектеп бітіргеннен кейін Мунира жоғары оқу орнына түсіп, дәрігер болуды армандаған. Бірақ, отбасындағы жағдай оны жұмыс істеуге мәжбүр етті.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Даниал Ахметов аудан әкімдеріне жақсы әкімнің қандай болуы керек екенін түсіндіріп берді
Атыраулық тұрғын хиджаб киіп, сақал қоятындарды қорғап шықты
Белгілі журналист күйеуінің көзіне шөп салғанын ашық айтқан Баянды сынға алды
Балабақшадағы шу: Баланы ұрып, жылатып қойған тағы бір тәрбиеші ел талқысына түсті (видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1471644-aula-sypyratyn-tazhik-qyzynynh-sululygh/