12 жыл бойы атасының мәйітімен тұратын отбасы көпшілікті шошытты

Опубликовано:

Индонезияның Оңтүстік Сулавеси аралында тұратын отбасы атасының мәйітімен 12 жыл бірге тұрып келеді. Олар марқұм атасының әлі де тірі екеніне сенімді. Бұл туралы NUR.KZ порталы thesun.ie сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ескерту: Жүйкесі жұқа адамдарға төмендегі фотоларды қарауға кеңес бермейміз!

Отбасының бұл әрекетіне көне дәстүр себеп болған. Өңірдегі қорқынышты дәстүрге сай, өлген адамды үйінде көп жылдар бойы жерлемей ұстап, оны тірілер қатарына жатқызады. Олар мәйітті арнайы химиялық затпен сақтап, күнде оны күтіп-баптайды.

Тіпті мәйітке тағам, сусын мен темекі күніне екі рет беріліп тұруы тиіс. Марқұмның денесін жақындары күн сайын жуып, киімін ауыстырады. Ал түнде шамды жағылған күйі қалдырып, мәйіттің қасына дәрет сындыруға болатын құты қойылады.

Дәстүрді бұлжытпай орындап отырған отбасына журналистер қонаққа барды. Мамак Лиза отбасымен бірге әкесінің мәйітін 12 жыл бойы көзінің қарашығындай сақтап отыр.

"Әке, сізге қонақтар келіп тұр. Оларды кіргізгенім үшін ренжімейсіз деген үміттемін", - деп марқұм әкесіне тіл қатқан Мамак тілшілерді аң-таң етті.

Ал "атам неге күнде ұйықтап жатады" деп шулайтын балаларына Мамак "атасын" мазаламауды өтінеді екен.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Семейде 4 жастағы балақай үйдегі алапат өрттен аман-есен қашып шыққан

Қазақстан елшісі Жаңа Зеландия тұрғындарымен мұрын түйістіріп амандасты (фото)

Жол апатына түскен Ернар Айдардың ауруханадағы суреті жарияланды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1472511-atasynynh-mayitimen-12-zhyl-birge-turghan-o/