Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен премьер-министр туралы не білеміз?
Опубликовано:
Австралия он жетінші премьер-министрі Гарольд Холт 1967 жылы теңізге шомылуға барып, із-түзсіз жоғалып кетеді. Саясаткердің жоғалып кетуінің құпиясы әлі күнге дейін ашылмады деп хабарлайды lllolll.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.
Гарольд Холт - австралиялықтарға әскерге баруды міндеттеп, Вьетнамда соғысуға 6000 адам жіберуімен аса танымалдыққа ие болған. Айта кетейік, бұл Австралия тарихындағы саясаткер жоғалған алғашқы оқиға.
1967 жылдың 17-ші желтоқсанында Гарольд Холт өз достары және екі күзетшісімен бірге Мельбурнға әлемді аралаған, ағылшындық яхташы Алек Роузды күтіп алуға барады. Яхтада уақыт қысқартпақ болып, Холт суға шомылатынын айтады.
Жанындағылар ескерту жасағанмен, Холт ешкімді тыңдамайды. Суға түскен премьер сол беті із-түзсіз жоғалып кетеді.
Оқиға орнына бірден полиция, әскери жүзушілер мен тік ұшақтар, жақын маңдағы барлық әскер жиналып, іздестіргенімен, іздеу жұмыстары еш нәтиже бермейд. Гарольд Холтты іздеу тарихтағы ең үлкен операция болды. Достарының айтуынша, ол суда өте мықты жүзетін, әккі сүңгуір болған.
Әлі күнге дейін Австралияда Гарольд Холттың жұмбақ жағдайда жоғалып кетуіне байланысты төмендегідей болжамдар айтылады:
1) Гарольд Холтты Қытайдың арнайы қызметіне жұмыс істегендіктен, оны қытайлық сүңгуірлер ұрлаған.
2) Гарольд Холтты австралиялық әскерлердің Вьетнамнан шығуын қолдаған соң, Орталық Барлау Қызметі өлтірді.
3) Өмірге құштар Гарольд Холт жас көңілдесімен тыныш өмір сүру үшін қашып кетті.
Дегенмен, 1967 жылы желтоқсанның 19 күні мельбурн шығанағында не болғаны әлі күнге дейін анықталмады.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Маңғыстауда 72 жастағы бизнесмен әжей бес келініне жұмыс тауып берді
Көз жұмған қарияны көлігінде жерлегендер жұртты таң қалдырды (фото)
Бұған дейін еленбей келген Димаш туралы елімізде арнайы кітап жазылып үлгерді (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1479237-zhumbaq-zhaghdayda-zhoghalyp-ketken-minis/