Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқушының ұстазына жазған хаты көпшіліктің көңілін босатты (фото)

Опубликовано:

АҚШ-та бесінші сыныпқа ұстаздық ететін азамат оқушысының оған жолдаған хатын жария етті. Хатты оқығандар оқушының салмақты сөздеріне тәнті болған. Бұл туралы NUR.KZ порталы tuko.co.ke сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мен мектепке кіргенде бұл хатты үстелімнің үстінен таптым. Оны оқығанда көзім жасқа толды", - деп жазған ұстаз өз парақшасына хаттың суретін жүктейді.

"Джей мырза, сіз керемет ұстазсыз. Сіздің арқаңызда оқу жылы мен үшін ең есте қаларлық жыл болды. Сіздей ұстаз көбірек болғанын қалаймын. Сізді ешқашан ұмытпаймын. Сіз мен үшін әкемдей болдыңыз. Туған әкемді өмірі көрген емеспін. Дегенмен мен қаймықпаймын. Себебі, сіз маған туған әкемдей қарадыңыз. Сіз мені қашан да бақытты етесіз. Қарным ашса, тамақ беріп, көңілім түссе, құшағыңызға аласыз. Мен сізді жақсы көремін", - деп жазған Маркус есімді оқушы.

Оқушының хатына тәнті болғандар саны күн санап артуда. 24 сәуірде жарияланған жазбаны 140 000 адам бөлісіп, 445 000 адам лүпіл басқан.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Маңғыстауда 72 жастағы бизнесмен әжей бес келініне жұмыс тауып берді

Көз жұмған қарияны көлігінде жерлегендер жұртты таң қалдырды (фото)

Бұған дейін еленбей келген Димаш туралы елімізде арнайы кітап жазылып үлгерді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1479725-oqushynynh-ustazyna-zhazghan-khaty-kopshil/

pixel