Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар ішімдіктің қайдан бастау алғанын анықтады

Опубликовано:

Америкалық және қытайлық ғалымдардан құралған мамандар тобы ислам дініндегі үлкен күнәнің бірі – алкогольдің пайда болуына зерттеу жасады деп хабарлайды ummet.kz.

Ғалымдар Қытайдың Цзиаху көне ауылында жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде он алты түрлі балшық ыдыс қалдықтарын тапты. Жіті жүргізілген химиялық сараптамадан соң шамамен 9 мың жыл бұрын бұл ыдыстарда алкоголь өнімдері сақталғаны анықталды.

Зерттеу деректеріне сәйкес, алкогольді сусын жүзім, бал және күрішті ашыту арқылы жасалған, яғни, шарап әзірленген.

Осыдан соң зерттеуші ғалымдар қоғам түсінігінде қалыптасқан алкогольді сусындарды Таяу Шығыс халқы өндірген деген тұжырымды теріске шығарды.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Forbes Қазақстанның ең бай 50 адамын жариялады

Бекболат Тілеухан халықты алдап, қан қақсатқан қаржы пирамидаларын жабуды талап етті

Алматылық зейнеткер желілік маркетингке 90 туысын кіргізіп, тақырға отырғызды

Алматы мен Астанада 2 млрд теңгеге қандай пәтер сатып алуға болады? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1489330-ghalymdar-alkogoldinh-qaydan-bastau/