Көркінен көз сүрінер бойжеткен сұлулығының зардабын тартуда

Опубликовано:

26 жастағы бойжеткен Черриль Нейл тым көрікті болғандықтан, бақытсыздық пен жалғыздыққа душар болғанын айтып, мұңын шақты. Бұл туралы NUR.KZ порталы thesun.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Манчестерде тұратын бойжеткен барлық бұрынғы жігітері оның тек көрікті екеніне көз салып келгенін алға тартты. Ол өзін жансыз қуыршақ санайтын жігіттерден әбден мезі болған.

Айтуынша, ер азаматтар оны достарының алдында көрікті қызы барымен мақтанып, фотоға түсу үшін ғана пайдаланып келген.

"Қарапайым қыздардың жағдайы жақсырақ деп ойлаймын. Себебі ер азаматтар олардың келбетіне емес, жан-дүниесіне ғашық болады. Ал менімен болған жігіттерді менің не қалайтыным, ішкі жан-дүнием қызықтырған емес. Қарапайым қыздар нағыз махаббатын тауып жатқанда, мен әлі ғашығымды таппадым", - деп мұңын шақты ару.

Бойжеткеннің желі парақшасына 23 000 адам жазылған. Дегенмен Черриль тым көрікті болғасын, құрбылары көп еместігін айтып, налып отыр.

 

"Қыздардың дені маған қызғанады. Менің тек бір ғана нақ құрбым бар", - дейді ол.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Өзіне қалыңдық іздеген 43 жастағы сүрбойдақ жар табу үшін елге жар салды

Қаржы министрі ҚМГ, Air Astana мен "Қазатомөнеркәсіптің" қашан сатылатынын айтты

40 адамның өмірін жалмаған терроршы 2397 жылға түрмеге қамалуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1489686-boyzhetken-tym-korikti-bolghany-ozin-zha/