Сұлтандар өз гареміне жаңа әйелді қалай таңдап отырған? (фото)
Опубликовано:
Тек сұлтандарға тиесілі гаремге әйелдер қалай таңдалған және олардың өмірі қандай болған? Бұл сұрақтарға жауапты NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.
Түрік шежірешісі Дурсун-Бей кезінде сұлтандарға тиесілі гаремдер туралы бірқатар естеліктерін жазып кеткен.
"Сұлтанға ғана тиесілі ерекше көрікті аруларды одалисктер деп атайтын. Гарем сұлтанның бірнеше жүздеген әйелінен құралады. Гаремге тек сұлтанның таңдаулы туыстары кіре алатын", - деп жазады Дурсун-Бей.
Сұлтандар арасында гарем орналасқан ең танымал сарай - Ыстамбұлдағы Сераль сарайы еді. Сарайда 400 бөлме бар. Онда екі мыңнан астам әйел тұратын.
Бір қызығы гаремге кез келген қыз түсе алмайтын. Оған тек славяндық келбеттегі қара шашты және аққұба қыздар таңдалды. Қыздың белі мен жамбасына көп мән берілетін. Ал төсінің не бойының үлкен болуы аса маңызды емес еді.
Ерекше көркінен бөлек, арудың ақылды болуы да маңызды саналды. Гаремге түскен әр ару сұлтанның алдына бармас бұрын екі жыл бойы арнайы мектептен өтетін.
Одалисктер түрлі тілдерді, Құранды, әдебиетті меңгеріп, музыкалық аспаптарда ойнауды және билеуді үйренеді. Тіпті суырып салма ақын болуы да міндетті саналды.
Арулар өзін күтініп, сұлтанның көңілін табудың айлаларын да үйренуі тиіс еді. Гаремде арулардың көп болғаны соншалық, өмір-бақи сұлтанды көрмей өткен әйелдер де болған. Сұлтанның назарына ілігу үшін олар талай айлаға баратын.
Ең дарынды арулар сұлтанның жылдап қасынан табылуы үшін барын салатын болған.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Өзіне қалыңдық іздеген 43 жастағы сүрбойдақ жар табу үшін елге жар салды
Қаржы министрі ҚМГ, Air Astana мен "Қазатомөнеркәсіптің" қашан сатылатынын айтты
40 адамның өмірін жалмаған терроршы 2397 жылға түрмеге қамалуы мүмкін
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1489837-sultandar-oz-garemine-zhanha-ayeldi-qal/