Кешкі алтыдан кейін жел шығармау: Әлемдегі ең ақылға қонымсыз заңдар

Опубликовано:

Кей заңдар ақылға қонымсыз әрі оғаш көрінетіні соншалық, жұрт оның қажеттілігіне күмән келтіріп жатады. NUR.KZ порталы comments.ua сайтына сілтеме жасап әлем тарихындағы ең оғаш заңдарды назарларыңызға ұсынады.

Темір жол вокзалында сүйісуге болмайды

1910 жылы Франция елі темір жол вокзалында сүйісуге қатаң тыйым салған болатын. Бұл заң әлі күнге дейін күшін жоймады. Себебі, белгілі болғандай, сүйісуге құмар жастар қоштасу сәтін тым ұзаққа созып жібереді екен. Салдарынан пойыз жиі уақытынан кеш жолға шығатын болған.

Мұндай заң Ұлыбританияның Уоррингтон қаласында да қабылданған. Енді бұл өңірде де пойыздар жолға кешігусіз шығады.

Торайды "Наполеон" деп атауға рұқсат жоқ

Францияда торайларға "Наполеон" есімін беруге тыйым салынған. Себебін өзіңіз де аңғарған боларсыз?

Сағат кешкі оннан кейін унитаздың суын ағызуға тыйым салынған

Швейцариядағы ең оғаш заң - сағат кешкі оннан кейін унитаздың суын дауыстап ағызуға заңмен тыйым салынған. Билік бұл дауыс көршілердің мазасын алады деген пікірде.

Дәретханаға сұранған кез келген адамды үйге кіргізу керек

Шотландияда дәретке қысылып тұрған кез келген бөтен адамды үйіңізге кіргізуге міндеттісіз.

Сағат кешкі алтыдан кейін жел шығаруға болмайды

АҚШ-тың Флорида штатында бейсенбі күні сағат кешкі алтыда жел шығаруға заңмен тыйым салынған. Егер сіз Флоридада дәл сол күні кешкі алтыда органикалық газ шығаруды қатты қалап тұрсаңыз, ешкім байқап қоймайтын оқшау орынды іздеуіңізге тура келеді.

Ал егер байқатып қойсаңыз, қоғамдық тәртіпті бұзғаныңыз үшін жауапқа тартыласыз.

Суға батқан адамды құтқаруға шектеу қойылған

Қытайда суға батқан адамды құтқаруға болмайды деген заң болған. Бұл оның тағдырына араласу деп есептелінген көрінеді.

Жұмысты бітірмей жатып, қайтыс болмаңыз

Ағылшын парламентінде жұмыс күні аяқталмай жатып, о дүниелік болуға тыйым салынған. Олар жұмыстың аяқсыз қалуына рұқсат бермейді.

Ұсқынсыз қыздарға жартылай жалаңаш күйде жүруге рұқсат жоқ

Италияда ұсқынсыз қыздарға жағажайда жартылай жалаңаш күйде келуге болмайды деген заң бар. Себебі, бұл турситерді жиіркендіріп, қашырып жіберуі мүмкін екен. Сонымен қатар, жергілікті заңға сәйкес, Мария есімді әйелдерге жезөкшелікпен айналысуға қатаң тыйым салынған.

Көзіне шөп салған күйеуін өлтіруге рұқсат берілген

Гонконгта әйелжанды азаматтар үшін нағыз тозақ десе де болады. Себебі, өңір заңы бойынша, әйелдерге күйеуі көзіне шөп салған жағдайда, оны өлтіруге рұқсат берілген. Тек ер азаматтың расымен опасыздық жасағанын сотта дәлелдей алсаңыз болды.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Қостанайда үш балалы отбасы мәйітханада тұруға мәжбүр

ҰҚК шекаралық қызмет академиясынан он пистолет ұрланды

Qazaq Air әуекомпаниясы рейсін алты рет кейінге шегеріп, жолаушыларын әбігерге салды

Алматыда автобуспен соғылған "Гелендвагенді" прокуратура қызметкері жүргізгені анықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1490961-keshi-altydan-keyin-zhel-shygharugha-salyn/