Таиландтық дәрігерлер май басқан маймылды қатаң диетаға отырғызды (фото)
Опубликовано:
Таиландтық дәрігерлер май басқан маймылды қатаң диетаға отырғызды деп хабарлайды "24 Хабар" арнасы.
Таиландтың көп бөлігінде жабайы маймылдар еркін серуендеп жүретіні белгілі. Олар саяхатшылардың көңілін ауласа, туристер де өз кезегінде оларға түрлі тәттілер мен тағамдар беріп, олармен ойнағанды қызық көреді.
Өткен айда жергілікті әлеуметтік желілерде май басып, семіріп алған макака маймылының суреті пайда болған еді. Желі қолданушылары оған «семіз ағай» деп лақап ат та қойып алыпты. Жергілікті жануарлар жанашырлары оны тауып алып, қатаң диетаға отырғызған көрінеді.
Белгілі болғандай, саяхатшылар берген фастфуд тағамдары мен газдалған сусындар оны осындай халге келтіріпті. Егер сау макаканың салмағы 9 келі тартса, «семіз ағайдың» салмағы 23 келіге бір-ақ жеткен. Хайуанаттар жанашырлары оны әзер қолға түсіргендерін айтады. Бұл маймылдың жеке үйірі болған екен.
Қорғаушылар үйірдегі оған «тағам әкелуші бағыныштыларын» таяқпен ұрып, макаканы зорға ұстаған.
«Саяхатшылар берген пайдасыз тағамнан оның денесін май басып, кейін май қатерсіз ісіктің пайда болуына әкеп соққан. Қазір оның жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр», – дейді ветеринар.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Он баласын асырау үшін аңшы атанған қария қасқырлармен қалай арпалысқанын айтып берді (фото)
Зейнетақы қоры 8 миллиардтан астам қаражатты іссапарлар мен жалақыға жұмсаған
Еліміздегі ең бай бизнесменнің қызын алған отандық әнші дүркіретіп той өткізді (фото, видео)
Оңтүстік Кореяға қыдырып барған отандастарымыз әуежайдың жертөлесінде қамауда отыр (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1499582-tailandtyq-darigerler-may-basqan-may/