Қытайда бір-біріне ғашық болған иттер ресми түрде үйленді (фото)
Опубликовано:
Қытайдың Куньмин қаласында ерекше үйлену тойы өтті. Бұл жолы үйленген жігіт пен қыз емес, бір-біріне «ғашық» екі ит, деп хабарлайды Baq.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Желі қолданушылары үйлену тойының суреттерін қызу талқылап жатыр.
«Күйеу жігіт» бес жасар болса, «қалыңдық» одан бір-екі жасқа кіші екен. Үйлену рәсімі кезінде «жас жұбайлар» тойға келген басқа да төрт аяқты қонақтармен бірге шөпте жатты. Салтанатты рәсім аяқталысымен «шаңырақ көтергендерге» суреттері мен аты-жөні жазылған арнайы сертификат табысталды.
Той ұйымдастырушылары мерекені жоғары деңгейде өткізу үшін барын салыпты.
Той суреттерін көрген желі қолданушыларының кейбірі иттерді «некелестірген» адамдардың әрекетін сынап жатыр.
«Бәлкім, екі ит те басқа біреуге «ғашық» шығар, өмір бойы тек біреуімен ғана тұруды ойламаған шығар», - деп қапаланып жатыр олар.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Еліміздегі депутаттарға сайлауға дайындалу үшін 400 мың теңгеден қаржы бөлінді
24 жастағы шабандозды көпшіліктің алдында бұқа таптап кетті
Білім министрлігі түлектердің лимузин жалдап, қызыл кілемге тапсырыс беруіне тыйым салмайтын болды
Шексіз бай олигархтың әйелі 70 караттық гауһар жүзігімен мақтанды (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1501385-qytayda-eki-resmi-turde-uylendi-fot/