Жылан босанғанына сенімді әйел оны туған баласындай бағып жүр (фото)

Опубликовано:

Бір баланың орнына егіздерді дүниеге әкелдім деген әйел бүкіл әлемді өзіне қаратты. Оның сөзіне сенсек, егіздердің бірі питонның кейпінде дүние есігін ашқан. Бұл туралы NUR.KZ порталы tuko.co.ke сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл оқыс жағдай Уганданың Нейкоука ауылында болған. Тоғыз жыл бұрын қызымен бірге питонды да дүниеге әкелгенін алға тартқан Налонго питонды туған баласындай бағып отыр. 

Егіздерге жүкті болған Налонгоның босанар кезінде күйеуі қасында болмаған. Себебі, ол дәл әйелі босанардан бірнеше ай бұрын қаза болыпты. 

Қыз баланы дүниеге әкелген Налонго онымен бірге питонды да босандым дегенде, бұл сөзіне ешкім сенбей қояды. Ал әйел болса, питон оның туған ұлы екеніне кәміл сенеді.

Тағы оқыңыздар: Әлемдегі мұсылмандар саны үш миллиардқа жетіп қалды

 

Көршілері әйелді түсінуге тырысып жүрсе, жақындары онымен мүлде ат құйрығын кесіскен. Сау адамның сөзін сөйлемейтін Налонгоның әрекеттері де ақылға қонымсыз.

Тоғыз жыл бойы алып питонды бауырына басқан ол "ұлын" күнделікті 40 жұмыртқамен тамақтандырып отырады екен. Ал көршілері питонның кез келген уақытта оларға тиісуі мүмкін екенін ойлап, тыныш ұйқысынан айырылған.

Полицейлер питонды әйелден тартып алмақ болған екен. Алайда Налонго жыланға өзі бас көз болатынына тәртіп сақшыларын әбден сендіріпті. Ол "ұлын" тамақтандыру үшін ақша табу қиындап кеткесін, жұртқа алақан жаюға мәжбүр екенін мойындап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1509753-zhylan-bosanghanyna-senimdi-ayel-ony-tu/

jitsu gif