Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кішкентай бүлдіршін өгей шешесінің туған анасындай болуға ант бергенін естіп, жылап жіберді

Опубликовано:

Американдық әйелдің шіркеуде неке қию рәсімі кезінде өгей ұлына арнап айтқан сөзі көпшіліктің есінде ұзаққа дейін ұмытылмайтыны анық. АҚШ-тың теңіз жаяу әскерінің сержанты Джошуа Ньювиль мен аға ұшқыш  Эмили Лиэннің Нью Йорктегі шіркеулердің бірінде өткен неке қию рәсімі желіде де қызу талқыланды деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Екі жас бір-біріне адал болуға ант берген соң, жаңа түскен келін өзінің өгей ұлына арналған сөзін айтты. Төрт жастағы Гейдж жылап, өгей анасын құшақтап алды. Ал оның видеосы әп-сәтте Интернетте тарап кетті, деп жазады Daily Mail.

Тағы оқыңыздар: Алматы облысында үстіне теледидар құлаған бір жарым жасар бала тіл тартпай кетті

"Мен сенің әрқашан қауіпсіздікте болғаныңды, сенің жақсы адам болып өскеніңді қалаймын. Өзіңнің ерекше жаратылған бала екеніңді түсінесің деп үміттенемін. Сен өте ақылдысың, сымбаттысың, бәріне қайырымдысың", - дейді оған өгей шешесі.

Төрт жасар бала өгей шешесінің сөзіне елжіреп, жылап жіберді. Әкесі оны уатуға тырысқанмен, соңында өзі де көз жасына ерік берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1565686-kishkentay-buldirshin-ogey-sheshesininh-t/

pixel