RU

Қазақ миллионерінің қызына жазған тілегі көпшіліктің жүрегін елжіретті (фото)

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің қызына жазған тілегі көпшіліктің жүрегін елжіретті. Қайырымдылық жасап танылған бизнесмен өзінің қызына деген әкелік махаббатқа толы сезімін желідегі парақшасында жазды.

"Ол 20 жасқа келгенде жас әрі сұлу болады, армандары биік және үмітке толы. Оған бар әлем табанының астында тұрғандай көрінеді.  Мүмкін оның жас жігіті болатын болар. Мен одан қызымды қызғанбауға тырысамын (құдай-ау, бұл қалай қиын!). Мен оның досы боламын. Ол маған сенім артады деп сенемін және біз кез-келген тақырыпқа сөйлесетін боламыз...(әрине онымен бірге талқылағым келмейтін тақырыптар бар).

Мен әкемін және сол себепті қызыммен бірге оның барлық жеңістері мен жетістіктерін, табыстары мен нәтижелерін бөліскім келеді. Бұдан бөлек оның жеңілістері мен мұңайған сәттерін көбірек бөлісуді қалаймын...", - деп жазады ол.

Тағы оқыңыздар: Қазақстандық әйгілі әншілер жанды дауыста қалай орындайды?  (видео)

Қайрат қызының өзі үшін қымбат екенін және әрдайым бала болып қала беретінін айтады.

"10 жыл өтеді және мен өз қоймамнан оның маған арнап салған суретін шығарамын. Мүмкін ол мұны есінде сақтар, мүмкін ол үшін бұл аса қымбат бола қоймас. Бірақ, ол әрдайым маған Да Винчидің "Мона Лизасынан" артық, себебі онда қаншама шынайы махаббат пен тырысу бар. Мұның бәрі мен үшін және оған баға жетпейді.

Тағы 10, 20, 50 жыл өтеді, өмірде басқаша болады... Сол себепті менің ханшайымым мен сенің барынша кішкентай болып қалғаныңды қалаймын... әрине мен үшін ол әрдайым солай болып қала береді.

Ханшайым, әкеңнің жүрегі соғып тұрғанда сенімен бірге екенін ұмытпа", - деген бизнесмен.

Жазбаны оқыған желі қолданушылары Қайраттың қызына деген кіршіксіз махаббатын оқып көздеріне жас алғандарын жеткізген.

Тағы оқыңыздар: Джиптің үстіне шығып жаттығу жасаған Айсәуле Бақытбек елдің сынына қалды

Еске салсақ, Қайрат Құдайберген Ақтөбедегі тасқыннан зардап шеккен кішкентай қыздың отбасына үш бөлмелі пәтер сыйлаған бизнесмен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1577665-qazaq-millionerininh-qyzyna-zhazghan-ti/