Алтынға малынып жүрген жас жұбайлар жұртты таңғалдырды

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде сыған тойында алтын көйлек киіп шыққан жас қалыңдықтың видеосы қызу талқыға түсуде деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Сыған тойы. Фата мен қалыңдық көйлегі алтыннан тігілген", - деп жазылған видеода.

Желі қолданушыларының бірі жас жұбайлардың алтынға малынып жүргеніне таңданыс білдірсе, енді бірі олардың тым жас көрінетініне аң-таң екенін жасырмады. Тіпті кейбірі жас жұбайлар кәмелет жасқа толмаған деп топшылап отыр.

Тағы оқыңыздар: Аста-төк той жасаған филиппиндік байдың балалары әлемді өзіне қаратты (фото)

Айта кетерлігі, сығандардың тойды дүркіретіп өткізуі таңсық жағдай емес. Жақында словакиялық сығандар Эвка мен Лукастың аста-төк тойы әлем жұртшылығын өзіне қаратқан болатын. Тойда қалыңдық 175 мың долларлық той көйлегімен шыққан.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1588090-altyngha-malynyp-zhurgen-zhas-zhubaylar-zh/