Бірден бес баланы дүниеге әкелген әйел бақытты өмірімен мақтанды (фото)

Опубликовано:

Рэйчел және Джейсон Уилкинсон екі баласы Райли мен Кайядан кейін бірден бес бала сүю бақытына кенелген. Бұл туралы NUR.KZ порталы videoboom.cc сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ерлі-зайыптылар үшінші рет бала сүюді қатты қалағанымен, табиғи жолмен бұған қол жеткізе алмай жүреді. Нәтижесінде олар жасанды ұрықтандыру көмегіне жүгінген.

Бастапқыда дәрігерлер Рэйчелдің егіз бала көтергенін айтқанда, ерлі-зайыптылардың бақытына шек болмайды. Алайда екінші рет УДЗ-дан түскен ананы нағыз ғажайып күтіп тұрды. Әйелдің құрсағында егіз балалар емес, бірден бес бала бар екен.

Тағы оқыңыздар: Моңғолия президентінің кеңесшісі болып тағайындалған жалғыз қазақ кім? (фото)

Ерлі-зайыптылар бесеуінің де дені сау болып дүниеге келгенін барынша тілеп, тәуекелге бел буады. 2007 жылдың 20 шілдесісінде үш қыз бен екі ұл бала аман-есен дүние есігін ашады.

Рэйчелді құттықтау үшін емханаға сол күні бірден 29 туысы ағылды. Бүгінде балалар есейіп, бақытты өмір сүруде.

Тағы оқыңыздар: Зарина Омарова шоу-бизнестегі тоқалдар туралы пікірін ашық айтты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1615840-birden-bes-balany-duniege-akelgen-aye/