Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар көріксіз еркектің отбасында бақытты болатынын айтты

Опубликовано:

Ғалымдар көріксіз еркек отбасында бақытты болатынын дәлелдеді деп хабарлайды Baq.kz.

Флорида штатындағы университеттің зерттеушілері көріксіз ер мен сұлу әйелдің некесі берік болатынын дәлелдеп шығыпты. Бақытты некенің шарты өте қарапайым. Егер әйелі күйеуінен сүйкімдірек болса, онда ер азамат үнемі әйелінің көңілінен шығу үшін барын салатын көрінеді.

Тағы оқыңыздар: ШҚО-дағы қарақшылық шабуылдың қалай болғанын туыстары әңгімелеп берді

Олар әйелдеріне үнемі сыйлық беріп, үй шаруасында көмектесіп, өздерін төсек қатынасында да жақсы көрсетуге тырысады екен. Осының нәтижесінде, көріксіз еркек әйелінің өзін бақытты сезінуіне себепкер болады дейді ғалымдар.

Керісінше, егер әйелі күйеуіне қарағанда сүйкімсіздеу болса, онда ол күйзеліске ұшырайтын көрінеді. Олардың диетаға отырып, физикалық жаттығулар жасауға уақыт бөліп, өздерін сексуалды көрсетуге тырысатыны анықталыпты.

Ал өзін әйеліне қарағанда сымбаттырақ санайтын еркектер әйелдеріне үй шаруасында көмектеспей, керісінше қарым-қатынастарын да түзеуге тырыспайтын болып шығыпты.

«Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, әйелі күйеуіне қарағанда көріксіздеу болса, отбасында қиындықтар туындап, некеге теріс әсер етуі мүмкін», - дейді зерттеуші Таня Ренольдс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1617765-ghalymdar-koriksiz-erkektinh-otbasynd/

pixel