Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ота жасатып, адам шошырлық күйге түскен қыздар шекарадан өте алмай қалды (фото)

Опубликовано:

Сұлу болу үшін ота жасатып, адам шошырлық күйге түскен қытайлық қыздар еліне қайта алмай отыр деп жазады Lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ .

Қыздар Оңтүстік Кореяға барып сұлулана түсу үшін  пластикалық ота жасатқан. Алайда бір аптадан соң үйлеріне қайтпақ болған қытайлықтарды Оңтүстік Кореяның әуежайында шекарашылар жібермей қойыпты.

Себебі, ота жасатқан соң қыздардың беттері ісіп, түрлері адам танымастай өзгеріп кеткен. Тексеру бекетіндегілер қытайлық қыздардың қазіргі келбеті төлқұжаттағы суреттеріне мүлде ұқсамайтындығын айтып, оларды елдеріне жібермей, әуежайда ұстап отыр.

Тағы оқыңыздар: АҚШ президентінің іш киімдері 5 мың долларға сатылып кетті

Бастарын ақ дәкемен орап, әуежайда отырған үш бойжеткеннің суреті қазір Қытайдың әлеуметтік желісінде қызу талқыланып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1642339-ota-zhasatyp-adam-shoshyrlyq-kuyge-tuske/