Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайын атасының сөзін көтере алмаған күйеу жігіт қалыңдығын той үстінде тастап кетті

Опубликовано:

Сауд Арабиясында күйеу жігіт қайын атасының сөзін көтере алмай, қалыңдығын дәл той үстінде тастап кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы islamnews.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қалыңдықтың әкесі күйеу жігітке ұнамайтын талап қойған. Ол қызы көлік басқаруды армандап жүргенін алға тартып, оның бұл қалауына кедергі келтірмеуін сұрапты.

Мұны естіген жігіт ашуланғаны соншалық, той басталуға санаулы минут қалғанда қалыңдықты тастап кеткен.

Айта кетерлігі, бұған дейін күйеу жігіт пен қалыңдықтың туыстары арасында келіссөз жүргізіліп, жігіт қалыңдығының жұмыс істеуіне еш қарсылық көрсетпеуге келіскен екен.

Алайда қалыңдықтың көлік айдауына да қарсы болмауын сұраған қайын атасы күйеу жігіттің шыдамын тауысқан. Күйеу жігітті ешкім райынан қайтара алмапты.

Еске салсақ, елде әйелдерге көлік басқаруға рұқсат ететін заңның қабылдануы ер азаматтардың ашуына тиген болатын. Саудиялық жігіттердің пікірінше, нәзік жандыларға көлік басқаруға мүлде болмайды.

Тағы оқыңыздар: 

Жемқорлығы үшін ұсталған экс-министр Бишімбаев сотқа келді

Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтілуде

Биылғы күзде жеміс-жидек пен көкөніс бағасы жаппай қымбаттап жатыр

Қостанайда екі адамды өлтіріп, денесін бөлшектеген жігіт жазадан құтылып кетті

Ерке Есмахан өзін "арзан ән айтады" деп сынаған тыңдарманға ренжіп қалды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1662983-ashushanh-kuyeu-zhigit-qayyn-atasynynh-soz/

pixel