Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуіңіздің көзіңізге шөп салып жүргенін қалай білуге болады?

Опубликовано:

Австралиялық Lipstick Investigations компаниясының басқарушы директоры Дэвид Кинг ер адамның әйелін алдап жүргенін көрсететін негізгі белгілерді атады, деп хабарлайды Baq.kz lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Көзге шөп салып жүрген ер адам сыртқы келбетіне мән бере бастайды, жиі қырынып, гардеробы мен парфюмериясын ауыстырады. Мұндай күйеулер, әдетте, қолынан телефон тастамайды, себебі оған ерекше хаттар келуі мүмкін. Сондай-ақ олар смартфондарына пароль қояды.

«Егер адам кінәлі болса, онда ол ашулануы мүмкін. Күйеулер үйден шығу үшін бұл тәсілді жиі қолданады», - дейді Кинг.

Сарапшының пікірінше, әйелін алдайтын ер адамдардың жүріс-тұрысын ақылға қонымды деп айту қиын. Көзге шөп салатын ер адам түрлі сылтау ойлап тауып, жұмыстан немесе қыдырыстан тым кеш келеді.

Сарапшының айтуынша, күйеудің әлеуметтік желілердегі белсенділігі мен банк карточкаларынан үзінді көшірме де оның әйелін алдап жүргенін көрсетеді.

Кинг басқаратын компания ерлі-зайыптылардың бір-бірінің көзіне шөп салғанын анықтаумен 20 жыл бойы айналысып келеді. Компания, әдетте, оларды аңдып, жасырын камераға түсіріп алады.

Тағы оқыңыздар:

"Тақтар ойыны" кейіпкерін "шебер сомдаған" қазақ жігіті әлемді аузына қаратты (фото)

Төртінші қабаттан секіріп, тірі қалған оқушыға анасы жұрт алдында ұрсып тастады (видео, фото)

Қол көтерген күйеуінің балағат сөзіне шыдамаған келіншек сірке суын ішіп, тіл тартпай кетті

Шексіз байлыққа ие азамат жетістікке жетуінің құпиясымен бөлісті

Шымкентте жаппай төбелескен жастар алты адамды пышақтап тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1663786-kuyeuinhizdinh-kozinhizge-shop-salyp-zhur-5/

pixel