Нәзік жандылар сегіз рет ажырасқан азаматтың тоғызыншы әйелі болуға таласып жатыр
Опубликовано:
Англияның Сомерсет елдімекенінде тұратын Рон Шеппард есімді азаматқа әлемнің әр түкпірінен нәзік жандылар таласып жатыр. Сегіз рет ажырасқан Рон өзіне тағы да әйел іздеуде. Бұл туралы NUR.KZ порталы 120.su сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
69 жастағы азамат өзіне жар іздеп жүргенін жария еткені сол-ақ еді, оған әр елдің нәзік жандыларынан сезімін ашық білдіретін хаттар келіп түскен.
Егде жастағы азамат не себепті арулар арасында осыншалық сұранысқа ие екенін түсіне алмауда. Сегіз рет ажырасқан Рон соңғы әйелі Кристель кетіп қалғаннан кейін жүрегі жаралы екенін алға тартты. 29 жастағы Кристель заттарын жинап, Ронды тастап кетіпті.
Енді интернет арқылы өзіне тоғызыншы рет жар іздеген азамат онымен өмірінің соңына дейін бірге болудан үмітті. Ал АҚШ, Вьетнам, Гана, Австралия сынды елдерден ер азаматқа хат жолдап отырған әйелдер Ронның жүрегін жаулауға тырысып әлек.
Рон алғаш рет некесін 1966 жылы қиып, үш баласы дүниеге келгеннен кейін екі жылда ажырасып кетеді. Азаматтың ең ұзақ некесі 13 жылға созылса, ең қысқа некесі 10 айға созылған.
Тағы оқыңыздар:
Танымал продюсер: Әнші аузына келгенді айтпаса, ешкім оны атқа теріс отырғызбайды (фото)
Отандық спортшының анасы туған ұлы өзінен теріс айналғанын айтып, жанайқайын жеткізді
Дәурен Айдарқұловтың бұрынғы әйелі үш баласымен қалай өмір сүріп жатыр? (фото)
БҚО-да мектеп асханасынан уланған 22 оқушы ауыр халде ауруханаға түсті
Шымкентте жолдың қақ ортасына үй салып жатқан азамат жұрттың ашуын келтірді (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1683177-nazik-zhandylar-segiz-ret-azhyrasqan-az/