Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар шәуеттің көмегімен қатерлі ісікті үш күнде жеңіге болатынын айтты

Опубликовано:

Неміс ғалымдары шәуеттің тағы бір пайдасын анықтады. Мамандар ерлер жыныстық жасушаларының көмегімен небәрі үш күнде қатерлі ісік жасушаларының 87 пайызын жойды деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Лейбниц атындағы Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа институтының ғалымдары шәуетпен әйелдердің репродуктивті мүшелеріндегі қатерлі ісік ауруын емдеу үшін қолдануды ұсынды.

Ғылыми тәжірибе барысында мамандар спермотозоидтың көмегімен небәрі үш күн ішінде әйелдердің репродуктивті органдарындағы қатерлі ісік жасушаларының 87 пайызын жойған. Ғалымдар жатырдағы қатерлі ісікке қарсы препаратты дәл ауру ошағына жеткізу үшін шәуетті пайдаланды. Олар сперматозоидты арнайы дәрімен өңдеп, ағзадағы жасушаларды қозғалысқа әкелетін магнитті микромоторлармен жабдықтаған.

Нәтижесінде сперматозоид ісік тініне барып, одан доксорбуцин (обырға қарсы препарат) бөлінеді. Аталмыш тәсіл қатерлі іскке қарсы дәрінің басқа сау жасушаларға зиян келтіруінен сақтайды.

Сондай-ақ, мұндай сперморобот көмегімен басқа да жатыр ауруларын емдеп, жатырдан тыс жүктіліктің алдын алуға болады.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да көңілдесі үшін әйелін соққыға жыққан күйеуі оны өлтіріп тастады

Танымал қазақ боксшысы Қанат Исламның бесінші сәбиі дүниеге келді

Марқұм әкесін есіне алған Тәуекел Мүсілім көз жасын тоқтата алмады

Құман Тастанбековті 20 желтоқсанда жер қойнына тапсыратын болады

Еліміздегі банктердің бірі жаңа жылдық кешке Ресейдің атышулы әншісін шақырды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1708551-ghalymdar-shauettinh-komegimen-qaterli/

pixel