Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Беташарда қалай сәлем салу керектігін білмеген келін ұятқа қалды (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде қазақ тойларының бірінде болған беташардың видеосы таралып жатыр. Әдеттегіден өзгешелеу өткен беташарда келін қалай сәлем салу керектігін білмей қалған деп жазады NUR.KZ.

Келіннің беташарында асаба туған-туыстарды тізбелеп, оларға сәлем салуды сұрайды. Алайда, келін сәлем салу туралы айтылғанда ешқандай ишара білдірмей, сол қалпында тұра береді. Тек қасындағы екі жеңгесі ымдаған соң ғана иіледі.

Осыдан соң келінге қалай иілу керектігін тойханадағы адамдардың бірі түсіндірген. Сондай-ақ, желі қолданушыларын келіннің басына жабылуы тиіс орамалды екі жеңгесінің созып ұстап тұрғаны да таң қалдырған.

Әзірге, мұндай беташардың қай қалада өткені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1709773-betasarda-kalaj-slem-salu-kerektigin-bilmegen-kelin-atka-kaldy-video/

pixel