Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атақты Криштиану Роналду Ақтауда самсаның жарнамасына түсті (видео)

Опубликовано:

Маңғыстау облысында самса мен тандыр нан және кәуапты жарнамалап тұрған Криштиану Роналдуды көргендер бар. Бұл туралы inaktau.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Маңғышлақ-Ақтау" тас жолының бойында орналасқан кафелердің бірі өз жарнамасын арттыру үшін самса сатып тұрған әйгілі футболшы Криштиану Роналдудың суретін іліп қойған. Әрине, кафеге адам тарту үшін қожайынның осындай қадамға барғаны анық.

Бірақ Португалия құрамасы мен "Реал Мадрид" ойыншысы жарнамаға түсу үшін кем дегенде миллион еуро алады. Ал ақтаулық кәсіпкердің әлемдік ойыншыға мұндай қаржы төлегені туралы ақпарат жоқ.

Жолаушылар самса мен тандырды жарнамалап тұрған Роналдудың видеосын әлеуметтік желіде таратып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1711384-atakty-kristianu-ronaldu-aktauda-samsany-zarnamasyna-tsti-video/

pixel