Қақаған аязда мектепке жаяу келген балақайдың шашы мұзға айналып кетті (фото)
Опубликовано:
Қытайдың Юньнань провинциясында бес шақырым қашықтықтағы мектепке қақаған аязда жаяулатып келген балақайдың шашы мұзға айналып кеткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мектеп директорының айтуынша, 10 жасар жеткіншек сабақ десе, ішкен асын жерге қояды екен.

Мұз болып қатқан шашымен емтиханға кіріп келген оқушыны сыныптастары қар адам деп атап кетіпті.

Жеткіншектің ата-анасы жұмыстан босамайтындықтан, ол ата-әжесімен тұрып жатыр.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1711578-kakagan-aazda-mektepke-zaau-kelgen-balakajdy-sasy-mzga-ajnalyp-ketti-foto/