Әжетханасы толып қалған ұшақ бет алған жеріне жете алмай қалды
Опубликовано:
Денверден Гавайға бет алған ұшақ мақсатты жеріне жетуге бірнеше сағат қалғанда әжетханасының толып қалуына байланысты Сан-Францискоға қонуға мәжбүр болды деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

United Airlines америкалық әуе компаниясына тиесілі ұшақ Гавайға жете алмай, жолаушыларды Сан-Францискода сегіз сағат күттіріп қойған.
Белгілі болғандай, Денверде ұшақтың ішін тазаламаған екен.
"Бұл тәжірибе өте жағымсыз әсер етіп, көңілді түсірді", - дейді жолаушылардан кешірім сұраған United Airlines қызметкерлері.
Компания кінәсін жуып-шаю үшін ұшақта болған адамдарға 10 мың қосымша миль немесе 200 доллар берейік деп ұсыныс жасаған.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1712379-zethanasy-tolyp-kalgan-sak-bet-algan-zerine-zete-almaj-kaldy/