Балаларының қамын ойлаған әке оқиғасы жұртты жылатты (фото, видео)
Опубликовано:
Ер азаматтың жанұясы үшін жасаған қамқорлығын ирандық режиссер айнытпай көрсеткен. Суреттер арқылы бейнеленген оқиға жұрттың жүрегін елжіретті деп хабарлайды onedio.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
1. Бір бойжеткен мен сері жігіт үйленіп, бақытты отбасын құрады

2. Көп ұзамай отбасында сәби пайда болады

3. Бірнеше күндер, айлар, жылдар өткен соң есік аузында тағы бір баланың аяқ киімі пайда болады

4. Кішкентай аяқтар өсе береді

5. Жыл мезгілі де бірінен соң бірі ауысады

6. Отбасында жаңа адамадар пайда болады

7. Отбасы үлкен әулетке айналады

8. Балапандары алысқа қанат қағып кетсе де, үйлеріне үнемі жиналып тұрады

9. Уақыт тоқтап тұрмайды, өмір өзгере береді

10. Өзгермеген бір-ақ нәрсе бар: шаңырақтағы әкенің аяқ киімі бұрынғысынша қалды

11. Әкенің бірінші суреттегі жып-жылтыр жаңа аяқ киімі соңғы кадрда қатты ескірген, бірақ өзгермеген

12. Ирандық режиссер Яш Ализаденің "Менің әкем үшін барлық мезгіл бірдей" атты фильмі шынында жан тебірентерлік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1712601-balalaryny-kamyn-ojlagan-ke-okigasy-zrtty-zylatty-foto-video/