Қыздарша боянып алған қазақ жігітін көпшілік сынап тастады
Опубликовано:
Қыздардың макияжға тәуелді екенін әзілмен жеткізбек болған жігіттің басы дауға қалды. Instagram парақшасында жарияланған видеоны көргендер жігіттің іс-әрекетін сынап тастады деп хабарлайды Today.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

«Күндіз-сұлу, түнде – қорқынышты».Әрқашан барлығын алдағанмен, өзіңізді алдай алмайсыз. Өзіңіздің бояусыз түріңізді де жақсы көріңіз!"- деді автор видеода.
Бірақ парақша оқырмандарына бұл ұнамаған сыңайлы. Көпшілік ер азаматқа бұл әрекет жараспайтынын айтса, ал кейбір оқырман ашық түрде балағаттап тастаған.

Желі қолданушыларының бірі «Қазір осындайлар көбейіп барады. Неге?» деген сауал қойды. Ал оқырмандардың бірі мұндай жігіттерді бірден о дүниеге аттандыру керек деген пікірде. «Ер адамдар қайда құлдырап барады? Әйелден бетер»,-дейді armanakbota атты тіркелуші.
Бірақ, пікір қалдырушылар арасында видео авторын жақтаушылар да бар екен. «Осындай адамдардың арқасында өмір қызықты»,- деп видеоға ризашылығын білдірді желі қолданушысы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1713965-kyzdarsa-boanyp-algan-kazak-zigitin-kpsilik-synap-tastady/