Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

40 градус аязда сырт киімсіз жүрсе де, тоңбайтын қария жұртты таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Қарағандылық Байылды Тере есімді қария қыстың қытымыр аязына дес бермей, жұқа киіммен жүре береді. Ол осыдан 25 жыл бұрын шынығуды бастап, арада уақыт өтсе де бірде-бір рет ауырмағанын айтты деп хабарлайды «Saryarqa» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Байылды Тере. Кадр Saryarqa телеарнасынан алынды
Байылды Тере. Кадр Saryarqa телеарнасынан алынды: UGC
"Керісінше, суықта жүрсем де тоңбаймын. Шынығудың арқасында дерттерімнен де құлан-таза айығып кеттім. Қозғалыста жүрген дене аязға дес бермейді", - деген қарияның жасы биыл 65-ке келіпті.

Қария зейнеткерлікке шықса да үйінде тыныш жата алмай, Қарағандыдағы әскери бөлімге аула тазалаушы болып орналасып алған.

«Осыдан 25 жыл бұрын үйден шыққанымда, сырт киімімді ұмытып кеткенімді көрдім. Бірақ үйге кірместен, кете бердім. Алғашында үсік шала жаздады. Содан соң тағы солай қайталап, денем үйреніп кетті. Қазір менің көшеде осылай жүргенімді көргендер, киімдерін шешіп беріп жатады. Мен оларға түсіндіремін», - дейді.
Байылды Тере. Кадр Saryarqa телеарнасынан алынды
Байылды Тере. Кадр Saryarqa телеарнасынан алынды: UGC

Ал шынығуды бастағысы келетіндерге атай алдымен ағзаны дайындап алуға кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1714529-40-gradus-aazda-syrt-kiimsiz-zrse-de-tobajtyn-karia-zrtty-tagaldyrdy-foto/

pixel