Бес аяғымен шауып жүрген қозы әлем жұртшылығын таңырқатты (фото)
Опубликовано:
Англияның солтүстігіндегі шаруалардың бірінің үйінде бес аяқты қозы туылды деп хабарлайды oxu.az порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Үй жануарының егесі тіпті жаңа туылған қозының ұзақ өмір сүретініне сенбей оған Үміт деп ат қойған екен.
Алайда екі апта өтсе де, сыр бермеген жануар өзгелер секілді емін-еркін қимылдап, жүгіріп кеткен.
Айта кетейік, табиғи өзгерістерге ұшырап туатын мұндай жануарлар ұзақ өмір сүрмейді.
Дегенмен бес аяқты қозыны бастан-аяқ тексерген ветеринардың айтуынша, оның артық аяғын алып тастаудың тіпті қажеті жоқ екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1715563-bes-aagymen-sauyp-zrgen-kozy-lem-zrtsylygyn-tayrkatty-foto/