89 жастағы модель сұлулығымен әлемді таңғалдырды
Опубликовано:
Дафна есімді 89 жастағы модель Лондондағы ең танымал адамдардың бірі. Ол жасының егде тартқанына қарамастан, косметикалық компанияның жарнама роликтеріне түсіп, модельдік мансабын жалғастыруда деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ

Зейнеткердің айтуынша, ол үнемі жақсы ойда жүретіндіктен әлі де белсенді жұмыс істеп, әдемі қалпыны сақтап келеді. Сондай-ақ, модель өз сымбаттылығын тұқым арқылы берілген ерекшелік дейді.

"Eyeko" брендінің жарнамалық ролигінде Дафна өзін жап-жас бойжеткендей ұстап, рөлін керемет ойнай алған. Сондықтан да ол қазір компания бейнесіне айналыпты.
Ол өз сұхбатында ійелдерге салауатты өмір салтын ұстанып, үнемі позитивті ойда жүруге кеңес береді.



Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1715853-89-zastagy-model-slulygymen-lemdi-tagaldyrdy/