RU

Көшеде тыр жалаңаш жүрген азамат тұрғындардың жағасын ұстатты (видео)

Тыр жалаңаш шешінген еркек Сочи көшелерінде емін-еркін кезіп жүрген. Енді ол бейәдеп қылығы үшін сотталуы мүмкін деп хабарлайды жергілікті life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодан скриншот
Видеодан скриншот: UGC

Жалаңаш жігіт Сочидегі орталық көшелерде көзілдірік тағып, еркін жүрген. Оны байқаған тәртіп сақшылары бірден тұтқынға алып, жүйке жүйелері ауруларына арналған диспансерге жеткізді.

Қазір жігіттің денсаулығын дәрігерлер тексеру үстінде.

Егер ешқандай да ауытқушылық белгілері табылмаса, жігіт қылмысы үшін заң алдында жауап беретін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1716178-ksede-tyr-zalaas-zrgen-azamat-trgyndardy-zagasyn-statty-video/