Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар әйелдердің жас көріну құпиясын ашып берді

Опубликовано:

Солтүстік-Батыс Америка ғалымдары әйелдерге жас көріну үшін арнайы бет жаттығуларын орындауға кеңес береді. Дұрыс тамақтану мен диетадан бөлек, күніне 30 минут уақыт бөліп, бет жаттығуларын жасасаңыз жас көріну оңай болады деп жазады mixnews.lv сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Зерттеуші Мурада Аламаның айтуынша, бетке арналған йога әйелдерге бірнеше жылға жас көрінуге мүмкіндік береді.

Зерттеу барысына бірнеше әйел қатысып, жиырма апта бойы осы жаттығуларды үздікіз жасап отырған. Нәтижесінде әйелдердің жаттығу жасағанға дейінгі суретін салыстыру арқылы көз жеткізді. Тәжірибенің сыры жаттығудан соң әйелдердің бет бұлшықеттері қатайып, тері тартылып, әдемілене түседі.

Бетке арналған йогамен кез келген уақытта айналысуға болады. Ғалымдар барлық әйелдерге жас мөлшеріне қарамай, осы жапттығуларды жасауға кеңес беріп отыр. Ол үшін күніне түрлі эмоцияларды айнаға қарап отырып қайталайсыз: таң қалу, күлкі, қорқыныш, тілді шығару және ауызға ауа толтыру. Әр жаттығуды бір минут жасау керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1716199-galymdar-jelderdi-zas-krinu-kpiasyn-asyp-berdi/

pixel