Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тығылмаш ойнаған жеті жасар бала кір жуатын машинаға тіреліп қалды (фото)

Опубликовано:

Украинаның Харьков қаласында тығылмаш ойнамақ болған жеті жасар Володя есімді балақай кір жуатын машинаға тіреліп қалып, ата-анасының зәресін ұшырды. Бұл туралы NUR.KZ порталы lemurov.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тығылмаш ойнамақ болған жеті жасар балақай кір жуатын машинаға тіреліп қалды
Тығылмаш ойнамақ болған жеті жасар балақай кір жуатын машинаға тіреліп қалды: UGC

Әпкесімен тығылмаш ойнап жүрген Володя кір жуатын машинаға жасырынуды жөн санайды. Алайда ішіне кіргеннен кейін шыға алмай қалған балақай ата-анасын айқайлап көмекке шақырған.

Ерлі-зайыптылар ұлын кір жуатын машинадан шығара алмайтынын түсініп, құтқарушыларға жүгінеді.

Тығылмаш ойнамақ болған жеті жасар балақай кір жуатын машинаға тіреліп қалды
Тығылмаш ойнамақ болған жеті жасар балақай кір жуатын машинаға тіреліп қалды: UGC

Төрт бірдей құтқарушы балақайды жарты сағат дегенде әзер алып шыққан. Олар машинаны және балақайдың басын әбден майлап, Володяны құрсаудан шығарады.

Балақай босай салысымен, анасының құшағына жүгірген.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1717082-tygylmas-ojnagan-zeti-zasar-bala-kir-zuatyn-masinaga-tirelip-kaldy-foto/