Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяғы ауыр әйелдерге қай жерде жұмыс істеуге болмайды?

Жарияланған күні:

Мамандар аяғы ауыр әйелдерге жасауға болмайтын жұмыс түрлерін атады. Бұл жайында «Сегодня.ру» сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Беременная. Фото:yandex.ru
Беременная. Фото:yandex.ru: UGC
Қазіргі уақытта баласы тоғыз айға толғанша, жұмыс орнынан шықпайтын әйелдерге таңданыспен қарай алмайсыз. Өйткені, заман осыны талап етеді. Алайда, болашақ баланың амандығы үшін, сақтық шараларын да ұмытпаған жөн.
  • Біріншіден әйелдің жұмысы күш қолданатын орындарда болса, жұмыстың жеңіл түрін сұрауға тура келеді. Әңгіме жүк тасушы қызметі жайында емес. Сатушы, жүк реттеуші болсаңыз да аяғыңызға салмақ түсіруден сақтанған артықтық етпейді.
  • Екіншіден ұзақ бір орында отырып немесе тапжылмай тұратын жұмыс орындарында да тоғыз ай бойы жүрудің қажеті жоқ. Ақша тапқан дұрыс. Бірақ, баланың денсаулығы бірінші орында. Бұл тізімге сұлулық салонының қызметкерлері, касса қызметкерлерін жатқызамыз.
  • Жұмыс режимі түнгі уақытқа сәйкес келетін аналарға да сақтық шараларын сақтағаны абзал.
  • Химиялық аппараттармен жұмыс жасайтын, лаборотория қызметкерлері де үнемі тыныс алу мүшелерін көлегейлеп жүргені дұрыс.
  • Егер дәрігерден арнайы қағаз алып келсеңіз, басшыңыз сізді ыңғайлы жұмысқа ауыстыруға міндетті.
  • Айта кететіні, тігін тігетін келіншектерге де баласын қолына алғанша, жұмысын тоқтата тұруға тура келеді. Себебі, баланың ішекке оралуы әбден мүмкін.
  • Бәріне ең ыңғайлысы офисте отырып жұмыс жасау сияқты көрінеді. Алайда, бұл қантамырлардың кеңеюі мен баланың дамуына кері әсерін тигізеді екен. Офис қызметіндегі болашақ аналар арнайы ақ халат пен көз қорғайтын көзәйнектерді пайдаланғаны дұрыс.

Сондай-ақ, болашақ аналар қай жерде қызмет жасамасын, бір сағат сайын жаттығулар жасап, таза ауамен тыныстап тұрғаны жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1721340-aagy-auyr-jelderge-kaj-zerde-zmys-isteuge-bolmajdy/