Жасы 60-тан асқан әйгілі актриса өзінен 19 жас кіші жігітпен көңіл қосты
Опубликовано:
Жақын арада Майами жағалауында жүрген Шерон Стоун мен оның қасындағы сері жігіт фоторепортерлердің назарына іліккен болатын. Киножұлдыздың сүйіктісі кім екені бірден анықталды деп хабарлайды spletnik.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Танымал актрисаның сүйіктісі жайлы мәліметтер енді құпия емес. Оның есімі – Анджело Боффа. Жасы – 41-де, ұлты – итальян.

Анджело жылжымайтын мүлікті сату кәсібімен айналысады. Негізінен Цюрих қаласында тұрғанымен, көп уақытын Ибицада өткізеді.

Шэрон екеуінің таныстығы былтыр желтоқсан айында, Санкт-Мориц қаласында орын алған.

Шетелдік ақпарат құралдарының мәліметінше, осы жылдың қаңтар айында сүйісіп тұрған Анджело мен Шэронды Нью-Йорк қаласында ұстап алған. Оған қоса, ғашықтар күнін бұл жұп Париж қаласының қонақ үйінде өткізді деген ақпарат та бар.

Соңғы кезде актриса тастамай киетін сақина тойдың алыс емес екеніне байланысты түрлі қауесеттерге түрткі болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1721364-zasy-60-tan-askan-jgili-aktrisa-zinen-19-zas-kisi-zigitpen-kil-kosty/