Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

5 ай бойы оқушысымен төсектес болған мұғалім отбасылы болып шықты

Опубликовано:

Алабамадағы орта мектеп мұғалімі Стефани Генри Пруетт өз оқушысымен ұзақ уақыт бойы сексуалды қарым-қатынаста болғаны үшін тұтқындалды. Ол дінтану тарихы мен әдебиті бойынша сабақ берген деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Бирмингем қаласынан 70 миль қашықтықта орналасқан орта мектепте 28 жастағы мұғалім дінтану пәнін жүргізген. Мектеп сайтында күйеуі мен ұлын құлай сүйетінін жазған мұғалімнің бұл қылығына әріптестері аң-таң.

Тергеу барысында Стефани мен оның 17 жастағы оқушысының қарым-қатынасы 2017 жылдың қазанынан бастау алғаны белгілі болды. Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, мұғалімнің кінәсін растайтын дәлелдер жеткілікті. Олай болған жағдайда, Стефаниді 20 жылға бас бостандығынан айыру күтіп тұр.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Оған қоса, арнайы жүйеге ол мәңгіге сексуалды қылмыскер тізімінде қалып қояды.

Стефани бұл мектепте сабақ беріп жүргеніне небәрі бір жыл өткен. Білім ордасының сайтындағы мұғалім отбасы мәңгілік махаббаты екенін жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1721699-5-aj-bojy-okusysymen-tsektes-bolgan-mgalim-otbasyly-bolyp-sykty/

pixel