Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелінің жүктілігін ұшақ бортында естіген азамат талып түсе жаздады (видео)

Опубликовано:

Америкалық әйел өзіенің жүктілігін күйеуіне ерекше жолмен жеткізгісі келіп, ұшақ бортындағы пилотпен келіскен. Осылайша, өзінің жақында әке атанатынын естіген азамат, жағымды жаңалықты естіп талып түсе жаздаған деп хабарлайды Big Picture сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Дэвид пен Роуз ұшаққа мініп жатқанда, азамат өзін не күтіп тұрғанын сезбеген де. Олар Тампадан Чикагоға ұшардан бір күн бұрын, келіншек өзінің аяғы ауыр екенін біліпті. Осыдан кейін күйеуін таңғалдырып, ерекше қуантайын деп шешкен.

Ұшаққа отыра сала Роуз күйеуіне білдірместен, стюардессаға хат беріп жібереді. Онда пилоттан өзінің ерекше идеясын орындауға көмек беруді сұрапты.

Біраз уақыт өткен соң, пилот жаңалықты хабарлайды.

"Дэвид және Одри Роуз өздерімен бірге тағы бір жолаушыны заңсыз алып барады. Олармен бірге кішкентай сәби жүр", - дейді пилот.

Жаңалыққа таңғалып, сенер-сенбесін білмей қалған азамат "Не? Не?" дегеннен басқа сөз айта алмай қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1723046-jelini-zktiligin-sak-bortynda-estigen-azamat-talyp-tse-zazdady-video/