Мүсіні мінсіз арудың арқасында бағдарламаның рейтингі көтеріліп кетті
Опубликовано:
Италиялық модель Барбара Овиена футбол мен қыздар үйлесе алатынын дәлелдеді. Ол танымал италиялық телеарнада футбол туралы бағдарламаны жүргізеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Барбара жүргізетін бағдарлама жоғары қаралымдарға және футбол жанкүйерлері арасында үлкен сұранысқа ие. Мұндай жетістікке бағдарлама жаңалықтарынан бөлек арудың сымбатты денесі де себепші деп ойлайды көрермендер.


Италиялық модель бағдарлама барысында өзін еркін сезінеді. Өйткені оның футбол әлемінен хабары мол. Күллі әлем сүйіп көретін ойын жайлы бұл бойжеткеннің білмейтіні жоқ көрінеді.


Атаулы бағдарламаны әсіресе, ер адамдар үзбей көреді. Сүйікті ойындары туралы соңғы ақпаратты осындай мінсіз мүсінді арудан естіген кімге ұнамасын?

Бағдарламаның қаралым көрсеткішінің өскені соншалық, енді Италия аумағымен ғана шектелмей ол әлемдік деңгейге шығып кетті. Осындай сұранысқа жүргізушінің дұрыс таңдалғаны өз септігін тигізсе керек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1723327-msini-minsiz-arudy-arkasynda-bagdarlamany-rejtingi-kterilip-ketti/