Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүктілік кезінде қатты толып кеткен жұлдыздар кімдер?

Опубликовано:

Жүктілік әрбір әйел өміріндегі бақытты кезең болса керек. Алайда, ол кезде жиналатын артық мөлшердегі салмақ әйелдер қауымының нағыз бас ауруына айналған. Өмірі көз алдында жүретін танымал жұлдыздардың да мінсіз денелері жүктілік кезінде үлкен өзгеріске ұшырап жатады деп хабарлайды woman.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Әлемдік жұлдыздардың көбісі өз жүктілігін жасыруға тырысады. Олар жиналған артық салмақтың дене сымбатын қатты өзгерітіп жібергенін күллі халық көрмегенін қаласа керек. Алайда, Голливудтық фотокореспонденттер толып кеткен жұлдызды көрген бойда, оның суретін бірден газет беттеріне таратып жіберуді әдетке айналдырған.

Танымал жұлдыздардың жүктілік кезінде қалай өзгергенін білу мақсатында арнайы суреттер топтамасын ұсынамыз.

Кайли Дженнер

Ким Кардашьянның сіңлісі өзінің жүктілігін ұзақ уақыт жасырып келген. Ол жиналған артық салмақ кесірінен тіпті, күйзеліске түскен деп айтады. Ел арасында мінсіз мүсін иесі саналған ару өзінің денесінің мұндай өзгеріске ұшырайтынын күтпесе керек. Сол себепті, ел назарына түскісі келмей бірнеше ай бойы үйінде отырған. Кайли сәбиін босана сала арықтау шараларына кірісіп кетті.

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Джанет Джексон

51 жасында ана атанған Джанет Джексон жүктілігі кезінде қатты семіріп кеткен. Тіпті көшеде өтіп бара жатқандар оны танымай өтіп кететіндей жағдайлар да болып тұрды. Мұндай жиналған салмақтан арылу мүмкін емес деп айтып жатқанда, бар жоғы сегіз ай ішінде Джанет 50 келі салмақ тастады.

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Мила Йовович

Танымал актриса болса, өзінің алғашқы жүктілігі кезінде жегісі келген нәрселерден бас тартуды мүлдем қойған. Қарны аша қалса тамақты тоқтаусыз жеген Мила жүктілік кезеңінде 34 келі артық салмақ жинап алды. Өзінің бұрынғы формасына келу актриса үшін ауырға тиген. Сол себепті, ол өзі үшін сабақ алып, келесі жүктілігінде тек қана 13 келі жинады.

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Сиара

Бірінші жүктілігі кезінде әнші өзіне бәрін рұқсат еткені үшін тым көп артық салмақ қосып алған болатын. Бұл қателігін енді жасамауға сөз берген Сиара, қызын босанарда бәрібір де толып кетті. Екінші жүктілігінде ол 27 келі жинаған. Оның айтуынша, арықтаудың өзі оған оңай берілген, алайда әншіге мінсіз прессін қайта қалыпқа келтіру қиын болды.

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Мэрайя Кэри

Танымал әнші егіздерін босанарда 30 келі салмаққа толып кеткен. Мэрайя ұзақ уақыт бойы бұрынғы қалпына келе алмай қиналды. Оның үстіне күйуімен ажырасу процессі де әншіні күйзеліске түсіріп, оның салмағы 120 келіге артқан. Алайда қазіргі таңда Мэрайя бұрынғы формасына оралмаса да, біршама салмақты еңсерген.

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Дженнифер Лав-Хьюитт

Бұл актриса басқа жұлдыздардан ерекше. Өзгелер жүктіліктен кейін азып әлек болса, Дженниферге өзінің толық денесі ұнап қалған көрінеді. Бұрындары мінсіз мүсінді ару денесіне біршама салмақ қосқанын, тіпті одан құтылғысы келмейтінін жасырмады. Ол енді актерліктен гөрі, отбасылық шаруаларға көп уақыт бөліп, кино әлемі назарынан тыс қалып отыр.

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Дрю Берримор

Голливудтық актриса танымал бағдарлама аясында өзінің жүктілігі кезінде 25 келі жинағанын айтқан болатын. Оның айтуынша, артық салмақ оның денесінің үстіңгі бөлігіне жайылса керек. Спортқа аса қызығушылығы жоқ Дрю артық салмақты көбінесе дұрыс тамақтану арқылы кетірген.

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1724006-zktilik-kezinde-katty-tolyp-ketken-zldyzdar-kimder/

pixel