Ғалымдар екі жыл тұрса да, көгермейтін нан ойлап тапты (фото)
Опубликовано:
Ғалымдар 2 жыл бойы сақталатын нан ойлап тапты. Нан көгеріп кетпеуі үшін арнайы қоспа қосылып, көпфазалы технологиялар қолданылады деп хабарлайды Baq.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Наубайхана өнеркәсібінің директоры Марина Костюченконың сөзінше, ғарышкерлердің рационына кіретін нанды екі жыл бойы сақтауға болады.
"Қамыр қаншалықты ұзақ иленсе, нан да соғұрлым ұзақ сақталады. Сондай-ақ, оның сақталу мерзімін ұзарту үшін арнайы қоспалар қосылады. Мұнымен қатар, нанның ұзақ сақталуына оның қаптамасы мен ультракүлгін сәулемен өңделуі әсер етеді", - дейді ол.
Мұнымен қатар, маман институттың 60 жыл бойы 15 ай сақталатын нан әзірлеп келгендерін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1724511-galymdar-eki-zyl-trsa-da-kgermejtin-nan-ojlap-tapty-foto/