Айдай сұлу егіз қыздардың мінсіз мүсіні көпшілікті таңдай қақтырды (фото)
Опубликовано:
Қазан қаласының тумалары Алена мен Аделина күллі әлемге танымал болды. Сұлу бойжеткендердің Instagram парақшасына жүктеген әдемі суреттерінің арқасында оларға табынушылар саны күн сайын көбейіп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Егіздердің құпиясы - мінсіз мүсіндерінде болса керек. Олардың айтуынша, сымбатты денеге қол жеткізу үшін қыздар көп тер төккен.

Жаттығу залы тіпті бойжеткендердің екінші үйіне айналып кеткен көрінеді. Оның үстіне дұрыс тамақтану тәртібі де өзінің елеулі рөлін ойнаған.

Қажетті нәтижеге жеткенде өздерінің суреттерін әлеуметтік желіге жүктеген қыздар аса танымал болып кетеміз деп ойламапты.
Сұлу әрі мінсіз мүсінді аруларға тәнті болып, өз лүпілдерін аямаған тіркелушілер күн арта өсе берген.

Егіз қыздардың өзара ұқсастығы сонша, бөтен адам тұрмақ, туған ата-анасын шатастырып жіберетін кездер де болып тұрады екен.

Алена мен Аделина бірге түскен суреттерін жиі жүктегенді ұнатады.


Өздерінің танымалдылығын пайдалана отырып, олар модельдікке бет бұрған. Бүгінгі күні бойжеткендерді фотосессияға шақырушылар саны көбейген.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1724830-ajdaj-slu-egiz-kyzdardy-minsiz-msini-kpsilikti-tadaj-kaktyrdy-foto/