Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үй тонаған ұрының фотороботы елді күлкіге қарық қылды (фото)

Опубликовано:

Ұлыбританияда үй тонаған ұрының фотороботы желіні жарды деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ұры. Фото: life.ru
Ұры. Фото: life.ru: UGC

Полицейлер куәгерлердің сипаттауымен баукеспенің суретін жасап шығарыпты.

Алайда, сурет желіде хитке айналады деп ешкім ойламаған. Бұл сурет Twitter парақшасында жарияланды.

«Біз үй тонаған ұрының фотороботын жариялап отырмыз. Егер қандай да бір мәлімет білсеңіздер хабарласыңыздар», - деп жазылған жазбада.

Желі қолданушылары мұны 1 сәуірге арналған әзіл деп ойлағандарын жасырмады. Бірақ, полицейлердің сөзінше, бұл расымен іздеуде жүрген ұры екен.

Айта кетейік, суретті оқырмандар екі мың рет бөлісіп үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1725005-j-tonagan-ryny-fotoroboty-eldi-klkige-karyk-kyldy-foto/