Кеш ұйықтап, кеш оянатын жандардың өмірден ерте өтетіні анықталды
Опубликовано:
Англия университетінің ғалымдары кеш ұйықтап, кеш оянатын жандардың өмірден ерте өтетінін анықтаған деп хабарлайды mir24.tv сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Зерттеуге 38 бен 73 жас аралығындағы 450 мыңдай адам қатысқан. Ғалымдар оларды төрт топқа бөлген. Сондай-ақ барлық қатысушыны алты жылдан аса бақылауда ұстаған. Нәтижесінде ұйқыға уақытылы жатпайтын адамдарда ерте өліп кету қаупі он пайызға жоғары екені анықталған.
Кеш жатып, кеш оянатын адамдар жүрек-қан тамырлары, диабет, психологиялық және жүйке ауруларына жиі ұшырайтын болып шықты. Сондай-ақ мұндай адамдар күйзеліске де жиі түседі екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1726999-kes-jyktap-kes-oanatyn-zandardy-mirden-erte-tetini-anyktaldy/